Жаңалықтар

Таэквондодан жарыстар кестесі шықты

Таэквондодан балалар арасындағы ел чемпионатының уақыты өзгерді. Айтулы жарыс 15-ші шілдеде өтуі керек. Бірақ, қалыптасқан жағдайға байланысты 17-ші тамызға шегерілген. Бұл жөнінде Қазақстан таэквондо федерациясы мәлімдеді. Ал, жастар арасында Қазақстан біріншілігі тамыздың басында Шымкентте өтеді. Әлемдік аламан қыркүйекте Болгарияда болады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, карантиннен кейін дәл осы спорт түрінде алғаш болып жарыстар кестесі шықты. Сәйкесінше, оған бағытталған оқу-жаттығу жиындарын да кей қалаларда басталып та кетті. Ал, басқа спорт түрлерінде жарыстарға қатысты ақпарат әлі күнге дейін жоқ.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button