Жаңалықтар
Тье қаласындағы Гран-при: Астана гимнасттары жүлдемен оралды

2026 жылдың 2–5 сәуірі аралығында Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан Гран-при халықаралық турнирі өтті.
Аталған жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥈 Ақмарал Ерекешева – шеңбер және таспа жаттығуларында күміс жүлдегер
🥉 Ақмарал Ерекешева – ұршық және көпсайыс бойынша қола жүлде иеленді.
🥉Сонымен қатар, Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова көпсайыс бойынша командалық есепте 3-орынға ие болды.
Спортшыларымызды және жаттықтырушыларын жарқын нәтижелерімен құттықтаймыз!




