Жаңалықтар
Стенд атудан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарды

Стенд атудан 11–21 қаңтар аралығында Катар мемлекетінің Доха қаласында ересектер мен жастар арасында өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді.
Аталған жарыста «скит» жаттығуы бойынша ересектер арасында Астана қаласының спортшысы Адель Садақбаева алтын медаль жеңіп алды. Ал жастар арасында құрамында жерлес спортшымыз Владислав Заводиленко өнер көрсеткен Қазақстан ерлер командасы 1-орынға ие болды. Сонымен қатар, Владислав Заводиленко «скит» жаттығуы бойынша жекелей сында қола жүлдені қанжығасына байлады.
Айта кетейік, Азия чемпионатына 17 елден 200-ге жуық спортшы қатысты.




