Жаңалықтар
Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы Қысқы олимпиада ойындарына қатысады

«Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы» басшысы Олжас Акимов мәнерлеп сырғанаудың хас шебері – Софья Самоделкинаны қабылдады.
Елордалық спортшы Софья, 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына алғашқы болып жолдама ұтып алды.
Ол АҚШ-тың Бостон қаласында өткен әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп, қысқы Олимпиадасына ресми түрде қатысуға мүмкіндігіне ие.
“Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 117,78 ұпай жинап, жалпы сомасы – 181,36 ұпаймен 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады. Ол үшін спортшы әлем чемпионатында топ-24 қатарына енуі қажет еді”, – жеке бапкері Эльмира Турганова.