Жаңалықтар

Шымкентте өткен ҚР кубогында елордалық гимнасттар жоғары нәтиже көрсетті

2026 жылдың 31 наурызы мен 4 сәуірі аралығында Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының кубогы өтті.

Аталған жарыста Астана қаласының спортшылары әр санатта сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Спорт шеберлері (СС):
🥇🥇 «Мерей» тобы – көпсайыс және финал (шеңбер/ұршық) бойынша қос алтын иеленді
🥈 Березовская Ирэна – допта күміс жүлдегер
🥉🥉🥉 Березовская Ирэна – ұршық пен лентада, Ли Анастасия – шеңбер финалында қола жүлде

Спорт шеберіне үміткерлер (СШҮ):
🥇🥇🥇 Белокурова Эвелина – көпсайыс, шеңбер және ұршықта үш бірдей алтын
🥇 «Пантеры» тобы – допта алтын
🥈 «Пантеры» тобы – көпсайыс және лентада күміс
🥉 Стрельченко Яна – лентада қола жүлде

I дәрежелі спортшылар:
🥇 Арыстанбекқызы Бибінур – көпсайыста алтын
🥇 Әмірхан Сафия – шеңбер және лентада алтын
🥇🥇🥇 «Триумф» командасы – көпсайыс, 5 доп және 5 лента бойынша абсолютті чемпион атанды
🥈🥈 Әмірхан Сафия – көпсайыста, Арыстанбекқызы Бибінур – шеңбер мен ұршықта күміс
🥉🥉Арыстанбекқызы Бибінур – лентада, Яушева Ильяна – ұршықта қола жүлде

Елорда спортшылары жоғары шеберліктерін көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша Астана қоржынына бірқатар медаль салды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button