Жаңалықтар

Сәрсенбінің сәті жағымды жаңалықтармен басталды.

Сәрсенбінің сәті – «Толағай» ЖСШМ басшысы мен әкімшілік, жаттықтырушылары қатысқан кезекті кеңес жиыны өтті. Жиында атқарылып жатқан жұмыстар мен нәтижелер пысықталып, 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жоспар құру жұмыстары қамтылды. Бүгінгі, жаттықтырушылар кеңесінің ерекшелігі – жаттықтырушылар спортшыларының белгілі дәрежеге өсіп, спорт саласында дамып жатқандығын айғақтайтын құжатпен марапатталды. Нақтырақ айтсақ, Нұр-Сұлтан құрама командасында топ жарып жүрген грек-рим күресінен жастар арасында Азия чемпионы Мухамадиев Асаухат пен джиу-джитсудан ересектер арасында Азия чемпионы атанған Хамзе Баққуар – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды. Құттықтаймыз! Толағай тарландарына сәттілік пен тек ЖЕҢІС тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button