Жаңалықтар
Ресей чемпионатының жоғары лигасында елордалық спортшылар қола жүлдеге ие болды

Ресей Федерациясында өткен су добынан ерлер арасындағы Жоғары лига чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді.
Аталған жетістікке Астана қаласының спортшылары — Балтабекұлы Әділ, Рыспаев Даулет, Әкімбай Алдияр және Бобровский Мстислав өз үлестерін қосып, ұлттық құрама сапында жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Жарыс барысында қазақстандық ватерполошылар табандылық танытып, тартысты кездесулерде шеберліктерін дәлелдеп, жүлделі орыннан көрінді.
Бұл нәтиже — отандық су добы спортының даму деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі.
Спортшыларымызды лайықты жетістігімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!




