Жаңалықтар

Қыздарымыз – ел чемпионатының үздігі

Нұр-Сұлтанда қол добынан әйелдер арасындағы ел біріншілігінің алғашқы туры мәресіне жетті. Ақтық сында  елорданың «Нұр-Сұлтан» мен Қызылорданың «Қайсары» шеберлік байқасты. Жарыстың қожайындары ә дегеннен ойын тізгінін өз қолына алып, тегеурінді қарсыластың бетін қайтарды. Матч 47:42 есебімен елордалық бұрымдылардың жеңісімен аяқталды. Осылайша, биылғы чемпионттың маусымашар ойынында «Нұр-Сұлтан» көш бастады. Сәйкесінше, екінші орын Қызылорда қыздарына бұйырды. Сондай-ақ үздік үштікке Шымкенттің «Қазығұрт» командасы да ілікті. Дәстүрлі доданың екінші айналымы 21-29 мамыр аралығында Қызылорда қаласында өтеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button