Жаңалықтар

Қысқы спартакиада: Астана қаласы көш басында келеді

Бүгін Өскемен қаласында шайбалы хоккейден ерлер арасындағы алғашқы жарыс күні басталды. Бәсекеге Астана қаласы, Алматы қаласы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы қатысып жатыр. Жеңімпаз айналма жүйесі анықталады.

Астана қ.🆚Қарағанды қ. 4:2 (1:1, 1:1, 2:0)

1:0 – 11:27 – Шукелов (Селезнев, Аманғалиев)
1:1 – 12:43 – Симонов
2:1 – 31:20 – Шевченко (Бондарев, Бекеев)
2:2 – 33:17 – Симонов (Пономарев)
3:2 – 58:40 – Манаш (Кисель, Марқабаев)
4:2 – 59:55 – Кисель (Мұқанов, Марқабаев)

🗯️Антон Васин (Астана қ. бас бапкері):

«Қарағанды облысының соңына дейін беріспейтінін білеміз. Өте тартысты өтті. Қуанышымызға орай, жігіттеріміз соңғы минуттарда мінез танытып, жеңісті жұлып алды. Жалпы Қазақстан чемпионатынан қысқы Спартакиадаға ойысу ойыншыларымызға тыныс алуына мүмкіндік береді. Өзге қалада күш сынасу хоккейшілерімізге пайдалы болады деп сенемін».

ШҚО🆚Алматы қ. 4:3 (0:0, 4:0, 0:3)

1:0 – 32:10 – Надеикин (Беляков)
2:0 – 35:08 – Панченко (Александров, Тютеньков)
3:0 – 37:04 – Можанов (Александров, Тютеньков)
4:0 – 38:26 – Алдабергенов (Панченко, Тютеньков)
4:1 – 44:42 – Айдуков (Филимонов)
4:2 – 54:45 – Айдуков (Машинец, Бурделев)
4:3 – 58:57 – Фатыхов (Петрасюк)

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button