Қос алтын еншілеген күн
Елордадалық палуандар қарсылас шақ келтірер емес. Дәл қазір Ақтөбеде грек-рим күресінен жастар арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр. Айта кету керек, бұл спортшылар жылдан аса уақыт ешқандай жарысқа қатыспады. Ішкі біріншіліке 250-ден аса палуан жиналды. Жарыстың алғашқы күні үш салмақ бойынша жеңімпаздар анықталды. Атап айтқанда, 87 келіде елордалық Мақсат Сайлау топ жарды. Ал, орта салмақта оның жерлесі Асаухат Мұхмедиев чемпион атанды. 55 келіге дейінгілер бәсекесінде қызылордалық Алпамыс Дастанбек үздік деп танылды. Басқа салмақтардағы классиктер бүгін және ертең бозкілемге шығады. Ақтөбедегі ел чемпионаты 3 күнге созылады.
Алғашқы жарыс күнінің нәтижесі келесідей:
55 кг
І. Алпамыс Дастанбек (Қызылорда обл).
ІІ. Самандар Мадаминов (Шымкент қ.).
III. Арслан Абдурахманов (Алматы обл).
ІІІ. Рахымжан Рсалиев (Түркістан обл).
63 кг
І. Асаухат Мухамедиев (Нұр-Сұлтан қ.).
ІІ. Ғалым Қабдунасаров (Алматы обл).
III. Ержет Жарлықасын (Жамбыл обл.)
III. Тiлек Асембаев (Ақтөбе обл).
87 кг
І. Мақсат Сайлау (Нұр-Сұлтан қ.).
ІІ. Нұрғали Жантас (Алматы обл).
III. Ерзат Ерланов (Жамбыл обл).
III. Бағдат Үсенов (Қызылорда обл).