«Қазақстан құрамасы 100% вакцинацияланды»
«Қазақстан құрамасы 100% вакцинацияланды» деп хабарлайды
@sport_nursultan әлеуметтік желі парақшасында.
Вакцинация коронавирустың ауыр түрінен қорғап қана қоймайды, бұл сондай-ақ халықаралық жарыстарға қатысатын спортшылар үшін басты талаптардың бірі болып саналады.
Осы тұрғыда «Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы» спортшылары белсенді вакцинациялануда.
«Ревакцинация ең алдымен өз денсаулығым үшін қажет. Спортшы болғандықтан күнделікті жаттығулар, түрлі деңгейдегі жарыстар біз үшін өте маңызды. Мен үнемі жаттығу жасап, оқу-жаттығу жиындарына қатысамын, сондықтан денсаулығымды сақтау әрі шетелдегі халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғау үшін ревакцинация қажет. Біз өз денсаулығымыз үшін ғана емес, жақындарымыздың денсаулығы үшін де жауаптымыз», – деді жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әділбек Мусин.
Посмотреть эту публикацию в Instagram