Жаңалықтар

Қарағандыда грек-рим күресінен жастар ойындары өтті

2025 жылдың 26-28 қыркүйек күндері Қарағанды қаласында жастар арасындағы әйелдер және грек-рим күресінен жарыстар өтті.

Әйелдер күресіне еліміздің өңірлерінен келген 14 команда, барлығы 56 спортшы қатысты. Бұл сында Жаркынбаева Қызжібек Кылычбековна ерекше көзге түсіп, 65 кг салмақ дәрежесінде 1-орынға ие болды. Жекелей бапкері – Абдрашев Асхат. Әйелдер күресінен Астана қаласының аға жаттықтырушысы – Аманқосов Нұрлан Жұмабайұлы.


Ал грек-рим күресінен өткен жарысқа 20 командадан 158 балуан қатысып, тартысты бәсеке өрбіді. Нәтижесінде, елордалық Қуаныш Бағлан 97 кг салмақ дәрежесінде 1-орынды жеңіп алды. Жеңімпаздың жеке бапкері, әрі Астана қаласының грек-рим күресінен аға жаттықтырушысы – Сарсекеев Айдын Аскарович.

Жарыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жастардың шеберлігін шыңдауға мол мүмкіндік сыйлады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button