Қайырымдылық қоры

Қайырымдылық қашан да жанға дәру. 

Қайырымдылық қашан да жанға дәру.
Мұқтаж жанның жанына бір сәт болсын хәл-ауқатын сұрап барудың өзі әрбір адам балласты үшін сауабы мол. Мұндай адамгершілікті білдіретін іс – сүйіспеншілік пен нақты көмекті мақсат етеді. Қоғамымызда кездесетін түрлі жағдаяттардан туындаған мұқтаждықты жиі естейміз, көреміз, білеміз.
Осы орайда төбемізді көрсеткен «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі ұжымының атынан әдіскеріміз, Қонарбаева Әлия Рахымқызы, көпбалалы ананың екі бірдей балалардағы серебралдық паралич (БСП) ауруына шалдыққан балалары мен қазіргі тұрмыс-жағдайын біліп, қажетті деген ана өтінішіне демеу болды.
Бүгінде қос науқастың анасы Нұр-Сұлтан қаласы, «Ана мен бала» орталығындағында балалары алатын ем-домының еріксіз тоқтатылғанын айтып күйінеді. Себеп, қаражаттың жетіспеуі.
» Дәрігерлік көмекті тегін аламыз деп ойлағанбыз, алайда, барлық ем-домымыз ақылы болып ішетін тамағымызға да ақша жетпейді. Ауруханада берілетін ас екі балама тегін, бірақ жеуге келмейді, екеуі жылайды, түсінбейді. Маған тамақ ақылы, біз 29 қарашаға дейін осы орталықта боламыз. Өтте қиын, қажеттіліктер қаражатты талап етеді. Қолұшын созсаңыздар екен» деген ана жүрегі күндіз-түні сары уайыммен өмір сүреді. «Адам балластынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» – дейді дана халқымыз. Мейірімді, қайырымды болайық! Жақсылық жасайық!
Мекен жайы:ТҰРАН .36.ДЕД ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ. «АҚЖОЛ» бөлімі 2 қабат! Балалардың аты-жөні АЯП АЛДИЯР БАУЫРЖАНҰЛЫ. ДЖУНИСБНКОВ ДИЯС БАУЫРЖАНҰЛЫ
Ананың нөмірі+7 778 475 2778

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button