Қайырымдылық қоры

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ИМАНДЫЛЫҚ БЕЛГІСІ

Қайырымдылық – адамзаттың асыл қасиетінің бірі. Жеке тұлғаның қоғаммен тығыз қарым-қатынаста  болуы, сонымен қатар, әлеуметтік әл-ауқатына зерттеу жасай келе қажет болған жағдайда қолұшын созуы – қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі. Қайырымдылықты екі ұғыммен қарастыруға болады. Бірі – рухани жағынан (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау) болса, екіншісі, іс-тәжірбиелік жағынан (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу) болып табылады. Осы орайда, «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі басшысы мен ұжымының жыл сайынғы дәстүрге айналған  «Қайырымдылық қоры» екінші ұғыммен сабақтасады. Осы және нақты жасалған қайырымдылық іс-әрекетің орындалғандығы туралы ақпаратты алу үшін бүгін, 2019 жылдың 20 ақпаны «Толағай» ЖСШМ сайтында арнайы «Қайырымдылық қоры» айдары ашылды.

Басты мақсатымыз – тұрмыс жағдайы төмен көпбалалы аналарға жәрдемдесу, оның ішінде ауыр дертке шалдыққан, мүмкіндігі шектеулі, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық шараларын өткізу болып табылыды.

#қайырымдылыққор #астана #жсшм #қайырымдылықимандылықбелгісі #көпбалалыана #жәрдем #іс-шара #ата-ана

Ұқсас мақалалар

Back to top button