Жаңалықтар
Орал қаласында садақ атудан ҚР кубогының үшінші кезеңі өтті

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде басталған Орал қаласында садақ атудан Қазақстан Республикасының кубогының үшінші кезеңі мәресіне жетті. Жарысқа еліміздің 9 облысынан 156 спортшы қатысты. Елордалық садақшылар жүлделі орындарға орындарға ие болып, мерейі үстем болды.
Командалық біріншілік
• Құрама садақ (U29) – алтын жүлдегерлер: Калымканов Алимжан, Әсет Адемир, Поляков Егор
Жеке біріншілік нәтижелері
• Классикалық садақ (U29) – күміс жүлдегерлер: Кабдрахманов Алемхан, Байбатчина Айлин
• Құрама садақ (U29) – күміс жүлдегер: Әсет Адемир, қола жүлдегер: Калымканов Алимжан
Аралас командалар (MIX)
• Құрама садақ (U29) – қола жүлдегерлер: Поляков Егор, Неживых Ольга
• Классикалық садақ (U29) – қола жүлдегерлер: Кабдрахманов Алемхан, Байбатчина Айлин