Жаңалықтар

Олжас Азатұлы бокстан әлем чемпиондары мен жеке бапкерлерін қабылдады

Бүгін, «Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы» басшысы Олжас Азатұлы бокстан әлем чемпиондары мен жеке бапкерлерін қабылдады.

Әлемдік додада ел намысын абыроймен ақтап келген спортшыларды айтулы жеңістерімен құттықтап, бокс спортының жетістігін ерекше атап өтті.

«Мен еліміздің спорт саласының дамуына қосқан үлестеріңізбен құттықтаймын. Осы ретте, сіздердің рингке шыққан әрбір бойларыңызды көріп, жеңіс жолындағы еңбектеріңізге куә болдым. Мұндағы басты еңбек – бапкерлеріңізбен тікелей байланысты. Сол үшін де қарапайымдылық қасиет – ер жігіттің бойында қашан да сақталуы қажет. Біріншіден, ата-аналарыңызға , жаттықтырушыларыңызға, және өздеріңізге алғыс білдіремін».

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button