Олимпиададан жүлде алуға болады.
“Олимпиададан жүлде алуға болады. Әлем Кубоктары осыны байқатты. Енді қателіктерді түзеп, қарқынды үдете беру керек”.
https://www.instagram.com/reel/CWNH3R-gSEC/?utm_source=ig_web_copy_link
Шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері осындай пікір білдірді. Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын қыз-жігіттер дәл қазір елордада жаттығу жинын өткізіп жатыр. Алдағы аптада әлем кубогының кезекті кезеңдеріне аттанады. Олар Мажарстанда және Голландияда болады. Нәтижесінде олимпиаданың жолдамалары таратылады. Бұған дейін ұлттық құрама Қытайда және Жапониядағы әлемдік аламандарға қатыстып, ұзақ үзілістен кейінгі бабын байқады. Көрсеткіш жаман емес. Тіпті, жүлдеге іліккендері де бар. Ал, негізгі мақсат олимпиадаға 10 жолдама жеңіп алу дейді бас бапкер. Айта кетейік, Бейжеңдегі қысқы ойындар 4-ші ақпанда басталады.