Жаңалықтар

Олимпиада рейтингі жаңарды

Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы спортшылардың олимпиадалық рейтингін жаңар­тты. Оған сәйкес, қазақстандық екі таэквондошы үздік 16 спортшының қата­рынан көрінді. Атап айтқанда, 80 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Смайыл Дүйсебай 182,44 ұпаймен үздіктер санатының 13-саты­сында тұр. Қандасымыз – жазғы Универ­сиада ойындарының күміс жүлдегері. Халық­аралық додаларда топ жарып жүр. Ал, Рио Олим­пиадасында еліміздің көк байрағын ұстап шыққан Руслан Жапаров 171,16 ұпаймен 14-орынға жайғасқан.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button