Медельин төрінде Астананың айбыны асқақтады

2026 жылдың 13–15 ақпаны аралығында Колумбияның Медельин қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының 1-кезеңі өтті. Дүбірлі додаға 20 елден 120 спортшы қатысып, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды.
🥇 Алтын медаль иегерлері
Соло, ерлер арасындағы еркін бағдарлама:
Ким Эдуард – 1 орын.
Топтық еркін бағдарлама:
Курмангалиева Айгерим
Якимова Жаклин
Павлецова Анна
Столбунова Валерия
(резерв – Исламова Ясмина)
🥈 Күміс жүлде
Акробатикалық топ:
Якимова Жаклин
Курмангалиева Айгерим
Павлецова Анна
Столбунова Валерия
(резерв – Исламова Ясмина)
🥉 Қола жүлде
Микс-дуэт, техникалық бағдарлама:
Рамазанов Алдияр
Исламова Ясмина
Елорда құрамасын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алда бұдан да биік белестер күтіп тұр деп сенеміз!





