Күрес түрлерінен ҚР IV жазғы спартакиадасы Алматы қаласында өтеді
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы Алматы қаласында өтеді.
Астаналық еркін күрес майталмандары қос доданың жүлдесі үшін аянбай еңбек етуде. Қазір олар Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Дайындықтың мақсаты – биылғы жылдың алғашқы жарысы Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасына және наурыз айында жоспарланған жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты U20 (Талдықорған қаласында) алдында дайындықтарын пысықтау.
» Біз Спартакиада алдында Алматы қаласында жаттығып жатырмыз. Мұнда біз бастаған жастар құрамасы да бар. Оларды ересектер арасына қосып жастарға тәжірибе алмасу мақсатында үйретіп жатырмыз. Жоғарыда аталған жарыстардан кейін сәуір айында 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтеді.
Ал ҚР Спартакиадасы бойынша 2-3 ақпан грек-рим күресі, 4-5 ақпан әйелдер күресі және 6-7 еркін күрестен тартысты жарыс Балуан Шолақ спорт кешенінде өтеді» – Әбдірашев Асқар Әбікенұлы, Астана қаласы бойынша еркін күресінің аға-жаттықтырушысы.