Жаңалықтар

Күміс жүлдегер атанды

Ұлыбританияда паражүзден Әлем кубогі өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде қоржынымызға күміс жүлде түсті. Елордалық Сиязбек Дәлиев 50 метрге баттерфлай әдісімен жүзуде мәреге екінші келді. Ол бұл қашықтықты 37.65 секундта бағындырды. Осылайша, Токиодағы жазғы Паралимпиада ойындарына іріктеу нормаларынан 3 секундқа жоғары нәтиже көрсетті. Айта кетейік, Сиязбек Дәлиев  2018 жылғы Азия параойындарының чемпионы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Сондай-ақ дәл осы қашықтық бойынша әлемнің ең мықты бес жүзушісінің бірі саналады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button