Жаңалықтар

Классиктеріміз жүлдесіз қалды

Грек-рим күресінен жүлде жоқ. Токио төрінде күрестен іріктеу сындағы жалғасып жатыр. Бүгін 87 келіге дейінгілер бозкілемге шықты. Бұл сында ел намысын Нұрсұлтан Тұрсынов қорғаған. Ол алғашқы айналымды германиялық палуанға есе жіберді. Кейін қарсыласы ширек финалда венгриялық спортшыдан ұтылды. Сәйкесінше, Тұрсынов жұбаныш белсеуіне де қатыса алмайды деген сөз. Осылайша грек-рим күресі бойынша олимпиадаға жолдама алғаш 3 жерлесіміз де алғашқы айналымнан әрі аса алмай, елге қайтқалы отыр. Айта кетейік, бұған дейін 60 келдіге дейінгілер арасында Мейрамбек Айнағұлов пен 77 келдігі Демеу Жадраевтар белдескен болатын.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button