Жаңалықтар
Киокушинкай кан каратэдан Челябы обылысының Чемпионаты
Челябы қаласында 2015 жылдың 30-31 қазан аралығында киокушинкай кан каратэдан Челябы облысының Чемпионаты аяқталды. Чемпионатқа Астана қаласының, Челябы, Свердлов облыстарының, Пермь өлкесінің және Башкортостан Республикасының спортшылар қатысты. «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің» спортшылары жоғары нәтижелерін көрсетіп, келесі орындарға ие болды:
Спорт шебері Жанибеков Темирхан 65 кг дейін салмақ категориясында – І орын алды;
Спорт шебері Карменов Алишер 70 кг дейін салмақ категориясында – І орын алды;
Спорт шебері Садвакасов Нурлыхан 70 кг астам салмақ категориясында – І орын алды;
Спорт шебері Муратова Аяулым абсолюттік әйелдер категориясында – ІІ орын алды.
Чемпиондарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!