Жаңалықтар

Кикбоксингтен «World Cup Diamond WAKO 2018» кубогы

2018 жылдың 30 мамыры мен 04 маусым аралығында Анапе қаласында кикбоксингтен әлемдік «World Cup Diamond WAKO 2018» кубогы өтті. Жарыс келесі тәртіптер бойынша болыды: «фулл-контакт», «фулл-контакт слоу-киком», «К-1», «лайт-контакт», «point fighting» и «сольные композиции».
«Толағай» ЖШСМ спортшылары Әлем кубогының чемпионадары мен жеңімпаздары атанды.
Финалда Фазылхан Балгабай К-1 бөлімінде 60 кг.салмақтық дәрежеде ресейлік спортшысын сенімді жеңіп, «World Cup Diamond WAKO 2018» кубогының иегері атанды.
Сонымен қатар, еркектер арасындағы К-1 бөлімінде 90 кг.салмақтық дәрежеде Нұғманов Заир қазылар алқасының шешімімен белорустық спортшыны алға жіберіп, 3-орынды иеленді.
Аталмыш жарысқа спортшыларды кикбоксингтен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Н.С.Рысмағамбетов жаттықтырған болатын. Рысмағамбетов Нұрболат өзінің кәсіби қызметінде әр түрлі дәрежедегі жарыстарда лайықты нәтижелер көрсете білген көптеген спортышларды дайындап келеді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button