Жаңалықтар
Кебіспаев – қола жүлдегер
2 алтын, 2 күміс және 3 қола. Италиядағы халықаралық жарыс қазақстандық классиктер үшін сәтті басталды. Дәл қазір грек-рим күресінің шеберлері «Маттео Пелликоне» атындағы рейтингілік турнирге қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы күні 63 келдегі Айдос Сұлтанғали мен 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет қарсылас шақ келтірмеді. Күміс жүлдеге Хорлан Жақанша мен Сұлтан Әсетұлы қол созды. Хорлан соңғы сында ресейлік палуанға есе жіберсе, Сұлтан өзінің командаласы және өзінен жасы үлкен Айдос Сұлтанғалимен финалда күреспеді. Ал, Жансерік Сәрсенбиев, Алмат Кебіспаев және Олжас Сырлыбайлар қола жүлдегер атанды. Қалған палуандарымыз бүгін және ертең бозкілемге шығады. Халықаралық жарыс 8-ші наурызға дейін жалғасады.