Жаңалықтар
Ғ. Жарылғаповты еске алуға арналған 41-ші халықаралық бокс турнирі аяқталды

Қарағанды қаласында 2025 жылдың 16–21 желтоқсаны аралығында бокстан Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген спорт шебері Ғ. Жарылғаповты еске алуға арналған 41-ші халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Аталған жарысқа 216 спортшы қатысып, Қазақстаннан бөлек Тәжікстан, Өзбекстан және Қытай елдерінен келген боксшылар да шаршы алаңға шықты. Турнир барысында жоғары деңгейдегі, тартысты жекпе-жектер өтті.
Байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшылары төмендегідей нәтижелер көрсетті:
🥇 Алиасқаров Бақберген (80 кг) — турнир чемпионы
🥈 Жүсіпов Асхат (55 кг) — ІІ орын
🥉 Бейсов Ансар (80 кг) — ІІІ орын
🥉 Райымбек Даниял (90 кг) — ІІІ орын






