Жаңалықтар

ФУТЗАЛДАН 12 ОЙЫНШЫДАН ТҰРАТЫН НЕГІЗГІ КОМАНДА ЖАСАҚТАЛДЫ

Футзалдан (есту қабілеті төмен спортшылар арасында) Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы Тегеран (Иран) қаласында өтетін Азия-Тынық мұхиты ойындарына жол тартты.

Аталған байрақты бәсеке 30 сәуірде басталып, жүйріктері 2024 жылғы қысқы Сурдолимпиада ойындарына жолдаманы иелік етеді. (Түркия, Анкара қ., ақпан)

Айта кетейік, еліміздің футзал майталмандары 14-27.04.23 аралығы аталған салмақты жарыстарға дайындықтарын жетілдіру мақсатында Петропавл қаласында оқу-жаттығу жиынын (ТЖБ) өткізген болатын.
Азия Тынық мұхиты ойындары 30 сәуір мен 9 мамыр аралығы жоспарланған.
Құрама қатарында Астаналық Темірбек Қайыржанов, Артем Матвейкин ел намысын қорғайтын болады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button