Жаңалықтар
Елордалық жас конькишілер Қазақстан чемпионатында 26 медаль жеңіп алды

2025 жылдың 19–21 қараша күндері Астана қаласындағы «Алау» мұз айдынында өткен балалар мен жасөспірімдер мамандарылатын мектептері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында елордалық спортшылар үздік нәтиже көрсетті. Жарысқа қатысқан астаналық конькишілер жалпы командалық есепте 1-орынға ие болды.
Астана құрамасының спортшылары түрлі қашықтықтарда (500м,1000м,1500м,3000м) жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жарыс қорытындысы бойынша жалпы 26 медаль жеңіп алды. Оның ішінде:
8 алтын, 11 күміс, 7 қола медаль.
Жарыста шеберлігімен көзге түскен спортшылар қатарында:
•Рымбек Айзада – 1500 м, 1000 м және 3000 м қашықтықтарында бірінші орын;
•Шабасова Екатерина – 500 м-де алтын, басқа қашықтықтарда жүлделі орындар;
•Исабеков Ақберен – барлық жарыс қашықтықтарында 1-орын;
•Сонымен қатар Абишева Алана, Шәкібай Еркежана, Гудун Назар, Вехов Платон және Чилманова Дария да бапкерлік құрам сенімін ақтап, жүлделі орындардан көрінді.






