Жаңалықтар
Елордалық Емберді Едіге Ислам ойындарында үш медаль жеңіп алды 🥈🥉🥉

Сауд Арабияның Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам ойындарында астаналық ауыр атлет Емберді Едіге тамаша нәтиже көрсетті.
•Жұлқа көтеруде — қола медаль 🥉
•Серпе көтеруде — күміс медаль 🥈
•Қоссайыс нәтижесі бойынша — қола медаль 🥉
Едіге тек жарыстағы нәтижесімен емес, ерекше харизмасы мен өнер көрсету мәнері арқылы көрермендер мен БАҚ өкілдерінің де назарын аударды.





