Елорда спортшылары «Астана қылышы» турнирінде үздік нәтиже көрсетті

1–11 қазан аралығында елордада семсерлесу спорт түрінен «Астана қылышы» республикалық турнирі өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар қатысып, өз шеберліктерін сынға салды.
Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
• Дузбай Тұрар – семсермен жекпе-жек, жасөспірімдер және кадеттер арасында жекелей сайыста екі рет 3-орын ;
• Сыздық Айша – семсермен жекпе-жек, қыздар арасында 2-орын, кадеттер арасында 3-орын ;
• Какенова Айғаным – семсермен жекпе-жек, жасөспірім қыздар арасында 3-орын ;
• Югай Леона – семсермен жекпе-жек, кадеттер арасында 1-орын ;
• Какенова Айғаным, Югай Леона, Сайханова Інкар – қыздар командалық сайысында 1-орын ;
• Естеу Мансұр – рапирамен жекпе-жек, жасөспірімдер және кадеттер арасында жекелей сайыстарда 1-орын, сондай-ақ команда құрамында 1-орын ;
• Естеу Алдияр – рапирамен жекпе-жек, кадеттер арасында жекелей 3-орын, командалық 1-орын ;
• Жұмабаева Гүлсина – рапирамен жекпе-жек, қыздар командасы 2-орын.
Бұл жарыс жас семсерлесушілерге тәжірибе жинақтап, өз шеберліктерін шыңдауға мол мүмкіндік берді.