Елорда құрамасы AGF Trophy турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді

2026 жылдың 3–5 сәуірі аралығында Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында көркем гимнастикадан өткен AGF Trophy халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.
Аталған жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, командалық және жеке бағдарламаларда жүлделі орындарға ие болды.
🥇Юниорлық құрама команда көпсайыс бойынша алтын медаль жеңіп алды. Команда құрамында: Бихерт Диана, Қуаныш Құралай, Куряченко Иллария, Қайржанова Жасмин, Пристенная Екатерина және Тютебаева Сабина өнер көрсетті.
Юниорлар арасындағы командалық есепте:
🥇 Рысбек Айғаным мен Динишева Анель – алтын жүлде;
🥉 Рубцова Анна мен Жайлауова Линара – қола жүлдеге ие болды.
Жеке бағдарлама бойынша:
🥇 Рысбек Айғаным – ұршықта алтын, допта қола;
🥈 Анна Рубцова – шеңберде күміс;
🥈 Жайлауова Линара – ұршықта күміс;
🥈 Динишева Анель – таспада күміс медаль иегері атанды.






