Жаңалықтар

Елорда дойбышылары Қазақстан чемпионатынан 10 жүлде жеңіп алды

Қостанай қаласында 2025 жылдың 22 қыркүйегі – 1 қазаны аралығында “64” шаршы дойбыдан ересектер, жастар және юниорлар арасындағы жекелей Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 14 өңірінен 130-ға жуық спортшы қатысып, үздіктер анықталды.

Классика бағдарламасында елорда дойбышылары Қасым Әлима күміс жүлдегер атанса, Бурцева Амелия мен Ерсайын Жанарыс қола медаль иеленді. Рапидте Бурцева Амелия алтыннан алқа тақса, Қасым Әлима, Ерсайын Жанарыс және Естай Нұрали қола жүлдеге қол жеткізді. Ал Блиц бойынша Бурцева Амелия, Ерсайын Жанарыс және Естай Нұрали тағы да қола медальға ие болды.

Жалпы есепте елордалық спортшылар 1 алтын, 1 күміс және 8 қола медаль жеңіп алып, командалық қоржынды 10 жүлдемен толықтырды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button