Жаңалықтар

Қоржында тағы бір медаль

Алтынға бергісіз күміс. Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында дзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлде еншіледі. 60 келіге дейінгі салмақта татаминге шыққан спортшы ақтық сында әзірбайжандық қарсыласына ғана есе жіберді. Бірақ, Әнуар Сариевтің күміс алуын спорт сарапшылары сенсацияға балап отыр. Өйткені, оның салмағында фаворит ретінде өзбек, алжир және жапон дзюдошылары саналған. Қазақстан құрамасы осымен екінші медалін алып отыр. Кеше Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын жүлдені иеленген еді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button