Жаңалықтар
ЕЛ МАҚТАНЫШТАРЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ
Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік іріктеу кезеңін сәтті аяқтаған ағайындыларды ата-анасы, БАҚ өкілдері және Астана қаласының спорттық мекемелер басшылары қарсы алды.
Айта кетейік, ерлер арасында Айбек Оралбай (92 кг) мен Нұрбек Оралбай 80 кг салмақ дәрежесінде мыңнан тұлпар атанды.
Елордалық спортшыларды «Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы» КММ басшысы Олжас Азатұлы құттықтап, осы жеңістің жалғасы Олимпиада ойындарында көрінсін деген ақ тілегін білдірді. Және де жеке бапкері Асқар Еркебаевтың ерен еңбегін атап өтті.