Жаңалықтар

Едіге Емберді Азия чемпионатында Әлемдік өз рекордын, өзі жаңартты


Ауыр атлетикадан әлемдік рекорд орнатқан Едіге Емберді асығы тағы да алшыннан түсті.
Күш атасы Қажымұқандай жас спортшымыз — Едіге Емберді Азия чемпионатында ең жоғары көрсеткіште, серпе көтеруде және жиынтық есепте жастар арасында Азия рекордын жаңартты.
Жасөспірімдер арасындағы жарыста 73 келіге дейінгі категорияда 309 нәтижесімен суырылып алға шықты. (жұлқи көтеру – 136, серпе көтеру – 173).
Айта кетейік, Едіге 1 ай бұрын Мексикада өткен Жастар арасындағы әлем чемпионатында 306 нәтижесімен рекорд қойған болатын.

Ал 18-25 шілде аралығы Ташкент қаласында өтіп жатқан айтулы аламанға 21 елден 260 астам палуан қатысуда.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button