Жаңалықтар
Дзюдодан жаттығу жиыны өтіп жатыр
Дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. Дайындық жұмыстары 8 маусымда басталды және 20 маусымға дейін жалғасады.
Дзюдо шеберлері Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ» спорт базасында дайындықтарын шыңдап жатыр. Оқу-жаттығу жиындарына барлығы 17 спортшы келді. Айта кетерлігі, оқу-жаттығу жиынында спортшыларды ұлттық құраманың дәрігері жіті бақылап, барлық санитарлық талапты қатаң сақтайды.