Жаңалықтар

Джиу-джитсудан Азия Чемпионаты !

Вьетнам мемлекеті, Ханой қаласында ағымдағы жылдың 11 мен 14 тамыз аралығында Джиу-джитсудан Азия Чемпионаты өтті. Жарысқа жалпы 400ге жуық қатысушылар қатысты, спортшылардың басым бөлігі джиу-джитсудан спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бақтарын сынады. «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінен 3 спортшымыз мектеп намысын қорғап жүлделі орындардан көрінді. Азия Чемпионатына қатысқан 3 спортшымызда ҚР спорт шеберлері, жарысқа жан-жақты дайындалып келесі нәтижелерді көрсетті:
Хамзе Баққуар 69 келі салмақ дәрежесі
(комбат-систем) бөлімінде І-орын;
(файтинг) бөлімінде ІІ-орын.
Әлжанов Еламан – 62 келі салмақ дәрежесі
(комбат-систем) бөлімінде ІІ-орын.
Нортаев Дархан 62 келі салмақ дәрежесі
(неваза) бөлімінде ІІІ-орын.
Қазақстан Республикасы құрама командасында жалпы есепте 30 жүлделі орын : 4-алтын; 7-күміс; 19-қола.
Спортшылармызды құттықтаймыз және мақтан етеміз !

#Астанаспортивная #АсетИсекешев #Астана #Казахстан#Астана_Акимат #smileAstana

Ұқсас мақалалар

Back to top button