Жаңалықтар
Боулдеринг бәсекесінде елордалықтар топ жарды

2026 жылдың 13–15 ақпаны аралығында Қостанай облысы, Рудный қаласында спорттық құзға өрмелеуден (боулдеринг) жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған додада Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
🥇 Мендыбаева Маргарита — U13 (2014–2015 ж.т.) санатында алтын медаль;
🥈 Губченко Алиса — U15 (2012–2013 ж.т.) санатында күміс медаль;
🥈 Шмелев Артур — U11 (2016–2017 ж.т.) санатында күміс медаль;
🥉 Сухоренко Максим — U11 (2016–2017 ж.т.) санатында қола медаль.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана құрамасы жалпыкомандалық есепте күміс жүлдеге ие болды.




