Бокстан Астана құрама командасының қорытынды жаңалықтары ұсынылады
exportVideo2019-02-25 17_53_00
Назарларыңызға жер шарының оңтүстігінде орналасқан жылы аймақтың боксшыларымен бақ сынасуға кеткен Астана құрама командасының қорытынды жаңалықтары ұсынылады.
19-24 ақпан аралығы көршілес Бишкек қаласында бокс бойынша советтер союзының батыры Дүйшенкул Шопоковтың құрметіне арналған Халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Турнирге әлемнің 8 мемлекетінен 199 спортшы қатысты. Нәтижесінде әйелдер арасында «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінен:
Ашербекова Жансая – 3 орын,
Абдраимова Алия – 3 орын,
Абикеева Аида – 3 орынды иеленді. Ал, ерлер арасынан топты жарған Сулейменов Ильяс – 2 орынды жеңіп алды.
Аталмыш турнирмен тұспа-тұс келген 2001-2002 жылы туылған бокстан жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты 2019 жылдың 17-23 ақпан күндері аралығында Шымкент қаласында өткізілді. Жарыс жекелей спорттық бойынша АИБА ережесіне сай жүргізілді. Жарысқа қатысқан спортшылардың саны – 198 қатысушы. Жарысқа қатысқан командалар саны 17 команда. Астана құрама командасының қоржынын «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары:
Тоғамбай Сағындық – 1-орын,
Тезек Темірхан – 3-орын,
Токтагулов Абдулхамит – 3-орын,
Туксанбаев Амирхан – 3-орын.
СПОРТШЫЛАРЫМЫЗҒА!
Тер төккен жеңіске жетуге,
Талпынған мәреден өтуге.
Спортшы елімнің мақтаны,
Сенімен мейірім бекуде.
Қажыма, қаймықпа, тартынба,
Қайту жоқ елімнің салтында.
Қазақтың айбынын көтерер