Жаңалықтар

Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы гандболдан Азия чемпионатында жеңімпаз атанған елорданың білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерін марапаттады

 

Бүгін Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында гандболдан Азия чемпионатында жеңімпаз атанған елорданың білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерін марапаттады.

18-26 наурыз аралығында Алматыда өткен құрлықтық додада Иран, Өзбекстан, Қазақстан, Үндістан және Сирия құрамалары сынға түскен.

Қазақстандық гандболшылар 2-орынға ие болып, 2022 жылдың тамыз айында Грузияда өтетін әлем чемпионатына қатысуға жолдама жеңіп алды.

Қазақстан Республикасының құрама командасы сапындағы Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары мен студенттері:
1. Қуандықова Жанерке Қанатовна – Астана гуманитарлық колледжі
2. Мырзамсейітова Мәдина Сәбитқызы – Астана гуманитарлық колледжі
3. Жапарова Дамира – №41 орта мектебі
4. Қаметай Ұлжан Бауыржанқызы – Астана гуманитарлық колледжі
5. Олейникова Луиза – №41 орта мектебі

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button