Жаңалықтар

Бессайыстан Әлем Кубогының кезеңі

ЕЛОРДАЛЫҚ БЕССАЙЫСШЫЛАР ТҮРКИЯДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГІ КЕЗЕҢІНДЕ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Қазіргі бессайыстан Астана қаласының спортшылары Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде командалық жарыста алтын медаль жеңіп алды. Олар аралас эстафетада өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Аталған сында Қазақстан намысын Астана қаласының спортшылары Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады.

Екінші орында Египет, үшінші орында Италия құрамасы орналасты.

Еске салсақ, Елена Потапенко биылғы Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алған болатын. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-ші орынды иеленген болатын.

16-21. 04. 2024 жыл

Mix эстафетасы.
Потапенко Елена / Ильяшенко Павел 1-орын

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button