Бас қала киокушинкай-кан каратэшілері Қазақстан чемпионатында топ жарды

3-5 қазан аралығында Алматы қаласында киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 600-ге жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынасты.
Елорда құрамасы бұл додада жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жалпы есепте 10 алтын, 7 күміс және 2 қола жүлделерге ие болды.
Ерлер мен әйелдер арасында:
🥇 Ғалымжанова Гүлназым (-50 кг)
🥇 Қырғи Бибатыр – (-55 кг)
🥇 Қойшыбай Мұхаммедәлі – (-60 кг)
🥇 Асубаев Әлихан – (-65 кг)
🥇 Ракишева Улжан – (+65 кг)
🥈 Сағындық Әділжан – (-80 кг)
🥈 Сауытова Мадина – (-50 кг)
🥈 Жамединова Еркеназ – (-60 кг)
🥈 Изтанатова Гүлназ – (+65 кг)
16–17 жас санатында:
🥇 Ратбек Батырхан – (-70 кг)
🥇 Ай Асия – (-55 кг)
🥈 Нурхайдаров Жаннур – (-60 кг)
🥈 Айтмағанбет Бексұлтан – (-75 кг)
🥈 Ай Мұхаммет – (+75 кг)
🥉 Үлжебаев Таир – (-60 кг)
Жастар (18–20 жас) санатында:
🥇 Абдукадыр Мұрат – (-60 кг)
🥇 Асылхан Береке – (-65 кг)
🥇 Ержанова Жания – (+60 кг)
🥉 Сабиханов Нурали – (-60 кг)
Астана спортшыларының бұл жетістігі – үздік дайындықтың, ерік-жігер мен бапкерлер еңбегінің жемісі.