ЖаңалықтарМекеменің мәдени өмірі

Астаналықтар дзюдо чемпиондарын әуежайдан қарсы алды

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от СПОРТ•ОЛИМПИАДА•АСТАНА (@drs_olympic_astana)

Астаналықтар дзюдо чемпиондарын әуежайдан қарсы алды

Баку қаласында көру қабілеті төмен спортшылар арасында пара дзюдодан Әлем чемпионы атанған Ерғали Шамей мен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы дзюдо спортынан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы алтын медальді сыйлаған Ақмарал Науатбекті, әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Даяна Федосованы, Жанбота Аманжолды, Олжас Оразалыұлын жанкүйерлері мен ата-анасы әуежайдан үлкен қошеметпен күтіп алды. Қазақ көйлек киіп, сәнденген арулар спортшылар мен оның бапкеріне бауырсақ пен шұбат ұсынып, дәмнен ауыз тигізді.

Бакуде өткен пара дзюдодан әлем чемпионатында спортшыларымыз 2 алтын және 3 қола медаль иеленді. Ел намысын ұлттық құраманың 18 мүшесі қорғады. Соның бірі жерлесіміз Ақмарал Науатбек. Бұрымды спортшы пара дзюдодан әлем чемпионатында топ жарып, ел бойынша әйелдер арасында алғаш болып алтынға қол жеткізді.

– «Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. 41 елден спортшылар келді. Алдағы уақытта Астана қаласында
Азия чемпионаты бар және де одан кейін Азия ойындары сосын әлемдік ойындары бар. Сол 3 жарыста мені көре аласыздар. Анамның Бакуге – әлем чемпионатына мені қолдау үшін келгені маған зор күш-қайрат сыйлады. Барлығына алғыс айтамын осылай күтіп алып жатқандарына» – дейді пара дзюдодан әлем чемпионы Ақмарал Науатбек.

Сонымен қатар, ел мерейін асқақтатқан спортшыларды қарсы алуға қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және спорт саласындағы ұйымдардың өкілдері де зор қуанышпен, құшақ-құшақ гүл шоқтарымен салтанатты түрде күтіп алды.

Ерлер арасында 73 келіде сынға түскен тағы бір жерлесіміз Ерғали Шамей де ел қоржынына алтын салды.

– «Елге келгенде осындай құрмет көрсетіп, бізді күтіп алып жатқан жерлестеріме дән ризамын. Маған үміт артып, жарысқа дайындаған бапкерлеріме, ата-анама, жанкүйер болған қазақ еліне алғыс айтамын. Ел намысын абыроймен қорғап, Қазақ елінің атын әлемдік додада танытқаным үшін өте қуаныштымын. Ендігі мақсат-Олимпиада шыңын бағындыру. Алдағы жарыстарда алтыннан алқа тағып, елімнің көк байрағын әлі талай желбіретіп, әнұранымызды өзге мемлекеттерде шырқатамын деп сенемін. Мен бағындыратын белестер әлі алда»,-дейд

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button