Жаңалықтар

Астаналық жеңіл атлет Виктория Мельникова – Азия ойындарының күміс жүлдегері!

Астаналық спортшы Виктория Мельникова 2025 жылы Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына күміс медаль салды.

1500 метрге жүгіру жарысының финалында Виктория 4 минут 51,61 секунд нәтижемен мәреге екінші болып келді. Ол Өзбекстан өкілі Назима Рахимжоноваға небәрі 0,41 секунд айырмашылықпен есе жіберді (4:51.20). Үшінші орынды Шри-Ланка спортшысы Санипа Гимхани иеленді (4:52.32).

Осы сайыста тағы бір қазақстандық спортшы Агата Красаева жетінші орын алды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде төрт медаль бар. Бұған дейін триатлоншы Рамазан Айнегов күміс жүлде иеленген болатын.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button