Жаңалықтар

Астаналық шорт-трекшілер ел чемпионатында топ жарды

2026 жылдың 18–21 ақпан күндері Петропавл қаласында шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Додаға ересек және орта жас санатындағы спортшылар қатысып, ел біріншілігінің жүлделерін сарапқа салды.

Астана қаласының спортшылары жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше қашықтықта чемпион атанды.

Жекелей сында:

🥇 Алпысбай Нурия – 1500 метр қашықтықта 1-орын
🥇 Вехов Богдан – 500, 1500 метр қашықтықта 1-орын
🥇 Гамидова Карина – 500, 1000 метр қашықтықта 1-орын
🥇 Алтынбек Айзада – 500 метр қашықтықта 1-орын

Эстафеталық жарыстарда:

🥇 Ересек қыздар құрамасы – 1-орын
🥇 Орта жас қыздар құрамасы – 1-орын
🥈 Орта жас ұлдар құрамасы – 2-орын
🥉 Ересек ұлдар құрамасы – 3-орын

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Астана спортының мерейі үстем болсын!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button