Жаңалықтар

Астаналық Сайн Алдияр — дзюдодан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері

2025 жылдың 11–14 желтоқсан күндері Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Ел біріншілігіне 2006–2008 жылдары туған жас татами шеберлері қатысып, өзара бақ сынасты. Төрт күнге созылған дүбірлі додаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 621 жас дзюдошы жиналды.

Аталған байрақты бәсекеде Астана қаласының намысын қорғаған Сайн Алдияр -100 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылғы жаңа спорт маусымына Қазақстан Республикасының жастар құрамасы жасақталатын болады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button