Жаңалықтар
Астаналық мергендер Азия чемпионатының алғашқы күндерінде жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 18 наурызында аралығында Түркістан облысы, Түркістан қаласындағы «Атшабар» көпфункциялы спорт нысанында дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты басталды.
Халықаралық деңгейдегі жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасымен қатар Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Үндістан, Солтүстік Кипр, Түркия, Өзбекстан, Ресей және Тайланд елдерінен келген спортшылар қатысуда. Жалпы саны 10 мемлекеттен 110-ға жуық мерген бақ сынауда. Чемпионатқа 18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер қатысады.
Жарыс үш бағыт бойынша өтуде:
•Пута нысанасы (9 оқ, 7 мүмкіндік)
•Орта Азия нысанасы (7 оқ, 9 мүмкіндік)
•Жамбы нысанасы (5 оқ, 5 мүмкіндік)
Барлық қатысушылар үш нысана бойынша сынға түседі.
Жарыстың алғашқы күндерінің қорытындысы бойынша Астана қаласының мергендері жүлделі орындарға ие болды.
Орта Азия нысанасы бойынша:
🥇Сабыржан Фариза – 2 орын
🥈Батихан Айкөркем – 3 орын
Пута нысанасы бойынша:
🥈 Сабыржан Фариза – 2 орын
🥉 Батихан Айкөркем – 3 орын
🥉 Қанат Қасымхан – 3 орын
Айта кетейік, чемпионат 22 наурызға дейін жалғасады.
Елорда мергендеріне алдағы сындарда да сәттілік тілейміз!







