Жаңалықтар
Астаналық балуан Мерей Мәулетқанов – 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері

Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі грек-рим күресінен әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті.
Астана қаласының спортшысы Мерей Мәулетқанов (72 кг) қола медаль үшін өткен белдесуде ресейлік спортшы Данил Григоревті мерзімінен бұрын жеңіп, үздік үштікке енді.
Жарыс барысында Мәулетқанов Болгария балуаны Сергей Стоевті 8:0, Түркия өкілін 9:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Ал жартылай финалда Өзбекстан спортшысы Аброр Атабаевқа 1:3 есебімен жол берді.
Бұл жетістік – ел намысын абыроймен қорғаған жас балуанның халықаралық деңгейдегі маңызды жеңісі.