ЖаңалықтарМекеменің мәдени өмірі

Астанада спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту қарқынды жүргізілуде

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде елордада олимпиадалық спорт түрлерін дамыту туралы Астана қаласы әкімдігінің «Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ басшысы Олжас Акимов брифинг өткізді.

✅ Астанада спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту қарқынды жүргізіледі. 800-ден астам спортшы Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшесі болып табылады. Астана қаласы құрамасының 130 спортшысы 35 спорт түрінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының штаттық командасына кірді.
Дарынды спортшыларды қолдау аясында 2023 жылы 15 жоғары санатты спортшымен спорттық қызмет туралы келісім жасалды. Астана қаласының штаттық командасының құрамына кіретін 111 спортшы спорттық қызметіндегі нәтижелері үшін ай сайынғы ақшалай жабдықталым алады.

✅Бүгінге күнге дейін қала құрамасының спортшылары Азия чемпионатында 37 медаль, Азия кубогында 5 медаль, Әлем чемпионатында 7 медаль, Әлем кубоктарында 4 медаль жеңіп алды.

✅Құрама командалардың спортшыларын дайындаудағы басты мақсат – Қазақстан Республикасы чемпионаттарының бас ресми жарыстарында, кешенді республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болу.

✅Алдағы уақытта 19-шы Азия ойындары мен 23-ші Жазғы Олимпиада ойындары сияқты ірі кешенді шаралар жоспарланып отыр.

✅Елордалық спортшылардың ішінде бокс, велоспорт, ескек есу және каноэ есу, әйелдер боксы, әйелдер күресі, үстел теннисі, жүзу, спорттық гимнастика, триатлон, заманауи бессайыс, спорттық құзға өрмелеу, көркем гимнастика, еркін күрес сияқты спорттың 13 түрінен 22 спортшы олимпиада лицензиясын жеңіп алуға үміткер, оның ішінде 15 спортшы олимпиада медалін жеңіп алуға үміткер болып табылады.

 

 

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от СПОРТ | ОЛИМПИАДА | АСТАНА (@drs_olympic_astana)

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button