Жаңалықтар
Астанада шорт-тректен «Astana Open» ашық қалалық чемпионаты басталды

Бүгін, 2 желтоқсанда, елордамыздағы «Алау» мұз сарайында шорт-тректен «Astana Open» ашық қалалық чемпионатының алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті. Жарыс күнінде қатысушылар бірнеше қашықтық бойынша сынға түсіп, үздік нәтижелер көрсеткен спортшылар марапатталды.
Жарыстың бірінші күніндегі марапаттарды Астана қаласы әкімдігінің №2 БЖМСМ басшысы Бауыржан Сахарбаев, Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы басшысының орынбасары Ильясов Қанат, сондай-ақ Астана қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы Алимов Думан табыстады.

Астана қаласы жас спортшыларының алғашқы күнгі жетістіктері:
777 м – орта жастағы қыздар
1.Аманжол Адия — 1 орын
2.Бердигалиeва Жамиля — 2 орын
3.Табысбек Қырмызы — 3 орын
⸻
777 м – орта жастағы ұлдар
1.Молдабек Нариман — 1 орын
2.Алтынбек Бауыржан — 2 орын
3.Қайролов Нұрасыл — 3 орын
⸻
500 м – кіші жастағы қыздар
1.Мағауия Алуа — 1 орын
2.Батталова Карина — 2 орын
3.Жоламан Жасмин — 3 орын
⸻
500 м – кіші жастағы ұлдар
1. Алибаев Нұрали — 2 орын
2. Назымбек Ислам — 3 орын
⸻
500 м – А тобы (қыздар)
1.Батталова Зарина — 1 орын
2.Чжу Дарина — 2 орын
⸻
500 м – А тобы (ұлдар)
1.Сағынтай Ерәлі — 1 орын
2.Нұргалиев Имран — 2 орын
3.Нурлан Тамерлан — 3 орын
⸻
333 м – В тобы (қыздар)
1.Исаева Медина — 1 орын
2. Саттарова София — 3 орын
⸻
333 м – В тобы (ұлдар)
1. Даулетбек Әмір — 2 орын





